2024 жылдың 11-маусым, “Саржайлау” этнолагерьінің 7- күні

13 June 2024
Әрдайым этнолагерь таңғы жаттығудан басталды. Әр топтың жетекшілері рапорт берді. Содан кейін әр топ өз оқушыларымен кесте бойынша шеберханаларға барды. Қыш шеберханасында жасалған бұйымдарды кептіру тәсілдері үйренді.
ART STUDIO шеберханасында «Қамшыны қалай өреді? Қамшы сыры» тақырыбында жұмыстар жасалды.
Жас шебер шеберханасында қоржын түрлері және қоржын жасауды үйренді. Бес асық шеберханасында үндемес ойыны арқылы сарт-сұрт тәсілін жасады. Тоғызқұмалақ шеберханасында жүріс жасау ерекшеліктері; жай және табысты жүріс тәсілдерін меңгерді. Этнолагерь соңында оқушылардан кері байланыс алынды. Ата-аналар балалары арқылы этнолагерьдің қызықты өтіп жатқанын білдірді.
@orazbekovagulmira1
@bilimastana
@oqu_agartu_ministrligi
@astana_daryny
@astana_adistemelik_ortalyq
@akimat__astana
@parlament_school_student
@bilimastana
@rumcdo_official
@k.sengazyyev_official
@baikenyesset
@sherraisa
#zhazgydemalys2024